Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда шенеунік әйел мемлекеттік бағдарламамен берілетін үш пәтерді сатқаны үшін сотталды

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар қаласы қаржы бөлімінің бұрынғы бас маманы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді заңсыз жекешелендіріп, сатқаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу анықтағандай, әйел екі сыбайласымен бірге жалпы құны 18 миллион теңгеге үш пәтерді сатқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар қалалық № 2 сотының үкіміне сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, қаржы бөлімінің бас маманы қылмыстық жоспар құрып, тағы екі адамды өзіне қаратқан. Екеуі бірігіп жалған құжат жасап, тұрғын үйді жекешелендіріп, кейін сатып жіберген.

Осылайша мемлекет Павлодарда жалпы құны мамандардың бағалауынша, 18 миллион теңгеден асатын үш пәтерден айырылған. Қылмыстық әрекет 2021 жылдың қаңтарынан мамырына дейін жасалған.

Сотталушы сотта өз кінәсін соңына дейін мойындамаған. Сот отырысында оның адвокаты басқа айыпталушылар экс-шенеунікке жала жабуға тырысып жатқанын айтқан. Бұл ретте қорғаушы "Алаяқтық" бабын "Салғырттық" бабына өзгертуді сұраған.

"Сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, оны өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыру арқылы 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды", - деді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.

Іс бойынша тағы екі айыпталушы 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды. Бірінші сатыдағы соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992164-pavlodarda-seneunik-aiel-memlekettik-bagdarlamamen-beriletin-us-paterdi-satqany-usin-sottaldy/

pixel