Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында балыққа кетіп жоғалған екі ер адам іздестірілуде

Опубликовано:

Балықшы
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысы полицейлері мен құтқарушылары балық аулауға кетіп, жоғалған екі ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ТЖД Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 10 қазанда Аршалы ауданының полиция бөліміне Теміртау қаласының тұрғынынан сағат 07.00 шамасында Вячеслав су қоймасының аумағына өзімен бірге балық аулауға келген екі досының жоқ болып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы ер адамдар бір күн бұрын екі көлікпен келгенін анықтаған.

9 қазан күні олар су қоймасының жағасында болған, ал кешке полицияға хабар берген ер адам көліктердің біріне ұйықтауға кеткен, ал достары осы уақытта жағалауда қалған.

Ал 10 қазанда таңғы сағат 07.00 шамасында оянған ер адам жолдастарының, сондай-ақ қайықтың жоқ екенін көрген.

"Өтініш беруші дереу полиция мен құтқарушыларды шақырды, сондай-ақ Теміртаудан достары келді, олар өз қайықтарымен іздеу жұмыстарын жүргізді. Түстен кейін су қоймасының арғы жағында қамыстарда моторлы қозғалтқышы бар қайық табылды. Қазіргі уақытта жоғалған балықшыларды іздеуге Аршалы ауданының полиция бөлімінің жеке құрамы, құтқарушылар жұмылдырылған", - дейді департамент өкілдері.

Облыстық ТЖД іздеу шараларына сүңгуірлерді тарту жоспарланғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992179-aqmola-oblysynda-balyqqa-ketip-zogalgan-eki-er-adam-izdestirilude/

pixel