Бүгін Қазақстан мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

күз
Күз. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 12 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Метеорологиялық қызметтің хабарлауынша, бүгін Алматыда +19...+21 градус жылы, желдің жылдамдығы 2-7 м/с дейін жетеді.

Астанада күн жылы, құрғақ және желсіз болады. Термометр бағанасы 16-18 градус нөлден жоғары. Желдің жылдамдығы секундына 0-5 м/с дейін жетеді.

Шымкентте де жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтіледі. Мегаполисте +21...+23 градусқа дейін жылы болады деп күтілуде. Қала тұрғындарына желдің жылдамдығы 8-13 м/с дейін күшейетіні ескертіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992228-bugin-qazaqstan-megapolisterinde-aua-raiy-qandai-bolady/