Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аstana LRT маңындағы құрылысшылардың жаппай төбелесі туралы желідегі видеоға полиция пікір білдірді

Опубликовано:

жаппай төбелес
Астанадағы LRT маңындағы төбелес. Видеодан кадр: t.me/egovpress

Әлеуметтік желіде Аstana LRT маңында құрылысшылардың жаппай төбелесі туралы видео тарады. Полиция оқиғаның тамыз айында болғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Видео екі жұмысшының төбелесінен басталады. Оның соңы жаппай төбелеске ұласады. Астана қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 16 тамызда болған, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

"Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Astana LRT ғимаратының маңында құрылысшылар арасындағы төбелестің видеосы анықталды. Оқиға биыл 16 тамызда болғаны белгілі болды. Осы факті бойынша Алматы ауданында Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - дейді құқық қорғаушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992233-astana-lrt-manyndagy-qurylyssylardyn-zappai-tobelesi-turaly-zelidegi-videoga-policiya-pikir-bildirdi/

pixel