Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғандағы автовокзалда жас жігітті пышақтап кетті

Опубликовано:

Пышақ ұстап тұрған ер адам
Пышақ ұстаған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Талдықорғандағы автовокзалда төбелес болып, соңы пышақ салумен аяқталды. Күдікті қамауға алынды. Бұл туралы Polisia.kz Telegram арнасында хабарланды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 11 қазан күні 22 жастағы жас жігіт ауыр пышақ жарақатымен ауруханаға түскен. Анықталғандай, ол қалалық автовокзал аумағында орналасқан кәуап орталығында жараланған. Жас жігітке мас адам шабуыл жасаған.

Оқиға орнына жедел жіберілген патрульдік полиция қызметкерлері мас күйінде болған күдіктіні қолға түсірді. Ол полицияға жеткізіліп, қамауға алынды.

"Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Пышақ тәркіленіп, заттай айғақ ретінде іс материалдарына қоса тіркелді",деп хабарлады ІІМ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992314-taldyqorgandagy-avtovokzalda-zas-zigitti-pysaqtap-ketti/

pixel