Қазақстанға Си Цзиньпиннің орынбасары келді

Опубликовано:

Смайылов Си Цзиньпиннің орынбасарын қарсы алу үстінде
Смайылов Си Цзиньпиннің орынбасарын қарсы алу үстінде. Фото: t.me/ government

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов елорда әуежайында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысу үшін Астана қаласына келген Қытай Халық Республикасы төрағасының орынбасары Ван Цишаньді қарсы алды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

12-13 қазанда Астанада Қазақстанның төрағалығымен АӨСШК құру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді.

Ауқымды саяси іс-шараға мүше мемлекеттердің, бақылаушы мемлекеттердің, бақылаушы ұйымдардың және серіктес ұйымдардың бірінші басшылары шақырылған. Барлығы 50-ге жуық делегация келеді деп күтілуде.

Айта кетейік, осыған дейін елімізге Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан мен Түркия, Беларусь президенттері келіп жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992405-si-czinpinnin-orynbasary-qazaqstanga-keldi/