Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейсенбіде еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

қала көрінісі
Күзгі қала көрінісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 13 қазанда Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болатынын болжады. Олардың мәліметінше, бүгін Астана, Алматы және Шымкентте күн жылы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Астанада жауын-шашын күтілмейді, көшпелі бұлт шығады. Қалада күндіз +17...+19, түнде термометр бағанасы +4...+6 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы – 2-7 м/с.

Алматылықтарды жылы әрі шуақты күн күтуде. Қалада күндіз +20...+22 градусқа дейін жылы болса, түнде ауа температурасы +7...+9 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с болады.

Шымкентте метеорологтардың болжамынша, бейсенбі жауын-шашынсыз өтеді. Күндіз +23...+25, түнде +10...+12 градус жылы болады. Мегаполисте желдің жылдамдығы 8-13 м/с.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992438-beisenbide-elimizdin-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel