Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында өзеннен табылған үндістандық студенттің денесі: Мәйіт әйелге тиесілі болып шықты

Опубликовано:

Өзен
Өзен. Көрнекі фото: pixabay.com

10 қазанда Түркістан облысының ТЖД қызметкерлері Ақсу өзеніне батып кеткен адамның денесін тапқан еді. Мамандар оны іздестіріліп жатқан екі үндістандық студенттің біріне тиесілі деп болжаған. Алайда мәйіт белгісіз әйелдікі екені анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Отырар арнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, Түркістан облыстық ТЖД-ның Төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы Талғат Досалиев марқұмның денесі ұзақ уақыт суда жатқандықтан оның жынысын анықтау қиынға соққанын айтқан.

Марқұм шалбар кигендіктен ТЖД қызметкерлері оны ер адам болуы мүмкін деген қорытындыға келген.

Алайда медициналық сараптамадан кейін полиция 26 маусымда екі үндістандық студент суға батып кеткен орыннан 12 шақырым жерден табылған мәйіт әйелге тиесілі екенін хабарлаған.

"Оқиға орнына дереу аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы барды. Тексеру барысында өзеннің оң жағалауынан табылған мәйітті суда ұзақ жатып қалуына байланысты тану мүмкін болмады. Сараптама жүргізілді. Сараптама қорытындысына сәйкес, мәйіт әйелге тиесілі екені анықталды. Бұл дерек Төлеби аудандық полиция басқармасында тіркелді", - дейді өңірлік полиция департаментінің өкілдері.

Талғат Досалиевтің айтуынша, ТЖД қызметкерлері Ақсу өзені шатқалында суға батып кеткен үндістандық студенттерден басқа тағы бір адам болуы мүмкін деп топшыламаған. Себебі, Түркістан облыстық ТЖД-ға Үндістан азаматтарынан басқа суға батып кеткен азаматтар жайлы хабарлама келіп түспеген.

Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Ал суға батып кеткен үндістандық студенттерді іздеу жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетейік, 10 қазанда Түркістан облыстық ТЖД осы Ақсу өзенінен биыл 26 маусымда сол жерге демалуға барып, суға батып кеткен үндістандық екі студенттің бірінің денесі табылғаны туралы хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992441-turkistan-oblysynda-ozennen-tabylgan-undistandyq-studenttin-denesi-maiit-aielge-tiesili-bolyp-syqty/

pixel