Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысының құтқарушылары жоғалған екінші балықшының денесін тапты

Опубликовано:

Қайық
Қайық. Көрнекі фото: piqsels.com

Астана су қоймасында моторлы қайықпен балық аулау кезінде жоғалған екі балықшының да денесі табылды. Екінші адамның денесін құтқарушылар кеше, 12 қазанда көлдің түбінен алып шыққан. Бұл туралы Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі Instagram парақшасында хабарлады.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, жоғалған екінші балықшыны іздеу жұмыстары 12 қазанда таңғы 8:00-ден басталған.

"Құтқарушылар сағат 18.10-да Астана су қоймасынан яғни жағадан 500 метр жерден, көлдің түбінен 1972 жылы туған екінші балықшының денесін тапты", – дейді ТЖД өкілдері.

Еске сала кетейік, 10 қазанда Астана су қоймасында моторлы қайықпен балық аулау кезінде 1972 және 1975 жылы туған Теміртау қаласының тұрғындары белгісіз жағдайда жоғалып кеткен болатын.

Бір күннен кейін құтқарушылар жоғалған балықшылардың бірінің денесін тапты.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан алты адам және бір техника, бір жүзу құралы, полиция департаментінің жеке құрамынан екі адам және екі техника, жергілікті атқарушы органдар, төрт ерікті және екі техника, стационарлық эхолотпен жабдықталған екі жүзу құралы жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992455-aqmola-oblysynyn-qutqarusylary-zogalgan-ekinsi-balyqsynyn-denesin-tapty/

pixel