Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Республикалық маңызы бар 544 088 шаршы метр жолда шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілді

Опубликовано:

Конус
Фото: pixabay

Жұмыстар жол жамылғысын одан әрі бұзылудан сақтау үшін "Кешенді мақсатты бағдарлама" шеңберінде жүргізілуде.

Тегіс жол пайдаланушылардың жайлылығы мен қатар жол қауіпсіздігіне де айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. Уақыт өте келе қарқындылықтың өсуіне орай жол төсемінде ақаулар пайда болып, ол өз кезегінде жөндеу жұмыстарын қажет етіп жатады.

Бүгінгі таңда жол жамылғысын қалпына келтірудің ең кең тараған әдісі-шұңқырларды жөндеу. Жөндеу жұмыстары тек зақымдалған учаскелерде жүргізіліп, шұңқырларды жөндеуге арналған арнайы техниканың көмегімен қалпына келтіріледі.

Бүгінгі таңда "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ күтіп-ұстау шеңберінде республикалық маңызы бар 544 088 м2 жолға шұңқырларды жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, жолдың 183 807 м2 тегісеместіктерді жою және 814 071 метр жарықтарын бітеу жұмыстары жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, барлық жұмыстар жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол жамылғысын одан әрі бұзылудан сақтауға бағытталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992564-respublikalyq-manyzy-bar-544-088-sarsy-metr-zolda-sunqyrlardy-zondeu-zumystary-zurgizildi/

pixel