Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

күзгі қала
Күзгі қала көрінісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның ірі қалалары – Астана, Алматы және Шымкентте 14 қазан, жұма күні жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет ресми сайтында.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Алматыда термометр бағаны +20...+22 градусқа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы 2-7 м/c дейін жетеді.

Бүгін Астанада Алматыға қарағанда аздап салқын, елордада ауа температурасы 17-19 градус, желдің жылдамдығы 5-10 м/с болады деп күтілуде.

Синоптиктер Шымкентте ыстық болады деп болжап отыр. Мұнда термометр бағаны +25...+27 градусты көрсетеді. Жел 8-13 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Бұған дейін хабарланғандай, алдағы күндері республиканың барлық аумағында жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады, тек батыс облыстарда күн суытады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992650-zumada-elimizdin-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel