Ақмола облысында төрт шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды

Опубликовано:

шетелдіктер
Шетел азаматтары. Фото: polisia.kz

Ақмола облысында "Нелегал-2022" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында төрт шетелдік азамат Қазақстан аумағынан шығарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

"Нелегал-2022" жедел-профилактикалық іс-шарада үш күн ішінде Ақмола облысы бойынша көші-қон қызметінің қызметкерлері 174 әкімшілік хаттама, оның ішінде 98-і еліміздегі көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін (ӘҚБтК-нің 517-бабы) толтырған.

Ақмола облысы ПД көші-қон қызметі шетелдіктердің келгені туралы қабылдаушыларға қатысты ішкі істер органдарына кеш хабарлау бойынша 65 хаттама толтырылғанын хабарлады.

Сондай-ақ ел заңнамасын бұза отырып, шетелдік күштер мен еңбек мигранттарын тартқан 11 жұмыс берушіге айыппұл салынды.

Сонымен қатар, сот төрт шетелдікті елден шығару және 18 алыс және жақын шетел азаматтарының Қазақстанда болу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдады.

"Жедел-профилактикалық іс-шара жүргізу барысында криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері іздеуде жүрген екі қылмыскерді ұстады", - деп жазады басылым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992674-aqmola-oblysynda-tort-seteldik-azamat-el-aumagynan-sygaryldy/