Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада әкімшілік ғимараттарды рұқсатсыз дронға түсірген адамдар анықталды

Опубликовано:

ұшқышсыз аппарат
Дрон. Көрнекі фото: pixabay.com

Елордада қаланың әкімшілік ғимараттарын рұқсатсыз дронға түсірген адамдар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Полицияға Ресей федерациясының азаматтары қаланың әкімшілік ғимараттарын рұқсатсыз дронға түсіріп жүргені туралы ақпарат келіп түсті. 21 және 28 жастағы жігіттер жағалау маңында және Қорғаныс министрлігінде дрондарды ұшырғаны анықталды.

Бұл фактілер әр түрлі уақытта орын алған, сонымен қатар азаматтарда квадракоптерді қолдануға рұқсат құжаттары болмаған.

Сонымен қатар 12 қазанда Ресей федерациясынан келген 43 жастағы ер адам Достық көшесінің бойында бейнетүсірілім жасау үшін дрон ұшырғаны туралы тағы бір хабар келді", -делінген полиция хабарламасында.

Басылым мәліметінше, жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін Азаматтық авиация комитетіне жіберілген. Полиция департаменті тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өткен.

Оларға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. Аталған тұлғалармен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992694-elordada-akimsilik-gimarattardy-ruqsatsyz-dronga-tusirgen-adamdar-anyqtaldy/

pixel