Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектептер маңына белгісіз біреулердің уланған тәтті қалдырып жүргені рас па

Опубликовано:

тәттілер
Жерде жатқан тәттілер. Фото: Stopfake.kz

Қазнетте белгісіз біреулер мектептер айналасына уланған кәмпиттер мен тәттілер шашаып жүргені туралы мәлімет тарады. StopFake.kz басылымы желідегі ақпаратты тексеріп, оның шындыққа жанаспайтынын анықтады.

Басылымның хабарлауынша, уланған тәттілер туралы хабарлама – Ресейде 2022 жылдың қазан айының басында шыққан жалған ақпарат.

Дауыстық хабарламада қауіпті кәмпиттер Новошахтинск мектептерінің жанынан табылғаны айтылған. Бұл – Ресейдегі қала. Хабарлама авторының айтуынша, бір кәмпитті бір ит жеп, өлгеннен кейін, олардың уланғаны анықталды.

Шындығында, мұндай жағдай болмаған. Новошахтинск әкімшілігінің хабарлауынша, таратылған хабарлама – фейк және қалада мұндай оқиғалар орын алмаған.

Осылайша, басылым аталған хабарламаның Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ екенін анықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992696-mektepter-manyna-belgisiz-bireulerdin-ulangan-tattiler-qaldyryp-zurgeni-ras-pa/

pixel