Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында бір топ адам жалған АҚШ долларын сатқан деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Жалған ақша
Жалған ақша. Видеодан кадр: ҚМА баспасөз қызметі

Қостанай облысында номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған банкноттарды сатты деген күдікке ілінген бір топ адам анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілінің хабарлауынша, жедел-іздестіру шаралары барысында бір топ адам анықталған. Жалған ақша Қостанай облысында сатылған.

Кезекті әрекеті кезінде күдіктілер Рудный қаласында ұсталған. Олардың қолдарынан жалған долларлар табылған. Олардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында да жалған ақша табылды. Тәркіленген жалған АҚШ долларының жалпы сомасы 28 мыңнан асады.

"Күдіктілер ұсталды, басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды", - деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992731-qostanai-oblysynda-bir-top-adam-zalgan-aqs-dollaryn-satqan-degen-kudikke-ilindi/

pixel