Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұтынушы кассирді бір ұрып құлатқан": Қарағандыда дүкендегі оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Қарағандыдағы дүкенде тұтынушының кассирді бір ұрып құлатқан сәті
Оқиға орны. Видеодан кадр: Іnstagram.com/kazakhstan.media

Әлеуметтік желіде Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінде болған жанжалдың видеосы пайда болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі өзінің ресми Telegram-арнасында хабарлады.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан дүкенде тұрған әйелдің сол жердің қызметкерін қалай бір соққымен құлатқанын көруге болады.

Жарияланған видео сипаттамасында "Қақтығыс кезекке байланысты туындағаны" айтылған.

Бұл видеоға қатысты полиция қызметкерлері пікір білдіріп, оқиға Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінде тұтынушы мен кассир арасында болғанын мәлім етті.

"Сатып алушы мен кассирдің арасында болған жанжал бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабына ("Бұзақылық") сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу амалдары барысында екі жақтың да дәйектері тексерілетін болады", – дейді құзырлы орган өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992746-tutynusy-kassirdi-bir-uryp-qulatqan-qaragandyda-dukendegi-oqigaga-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel