"Іс жабылды": белгілі полицей Данияр Мейірхан жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Данияр Мейірхан
Данияр Мейірхан. Фото: Otyrar.kz

Белгілі полицей Данияр Мейірхан жаңа қызметке тағайындалды. Оның үстінен қозғалған қылмыстық іс жабылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, Түркістан облысы Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бұрынғы бастығы басшылық лауазымға тағайындалған. Данияр Мейірхан Шымкент патрульдік полиция полкінің командирі болған.

Ақпаратты Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Бүгін оған қатысты қылмыстық істің тоқтатылғаны да белгілі болды.

Еске салайық, Данияр Мейірханның ұсталғаны туралы биыл сәуір айында хабарланған еді.

Ол жеке автосалонға қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінген болатын, тергеу мәліметтері бойынша полицей бағасы қымбат көлікті иемденіп, бірақ ақшасын толық төлемеген.

Алайда, кейін тәртіп сақшысы 40 миллион теңге кепілмен босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992803-is-zabyldy-belgili-policei-daniyar-meiirxan-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/