Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анасы алаяқтық жолмен алып кеткен": 16 жастағы қазақстандық қыз Түркиядан елге қайтарылды

Опубликовано:

Әуежай
Көрнекі фото: pixabay.com

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 16 жастағы қазақстандық қызды Түркиядан елімізге қайтарды. Балалар омбудсменіне қыздың өзі көмек сұрап жүгінген. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Telegram арнасы хабарлады.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Сыртқы істер министрлігінің көмегімен кәмелетке толмаған Қазақстан азаматын Түркиядан елге қайтару бойынша жұмыс жүргізген.

16 жастағы Қазақстан азаматы елге жеткізілді, қазір қыз отбасымен Ақтөбе қаласында.

"16 жастағы Қазақстан азаматы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саиннан елге оралуына көмек сұрады. Өтініштен кәмелетке толмаған қызды анасы алаяқтық жолмен Түркияға алып кеткені және оның еркіне қарсы Ыстамбұлдағы қыздарға арналған медресеге бергені анықталды. Сонымен қатар бала туыстарымен байланыса алмай, Қазақстанда жүрген әкесі мен екі ағасын сағынғанын айтып шағымданған. Аружан Саинның өтініші негізінде Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстанның Түркиядағы елшілігі арқылы Ыстамбұлда баланы іздеу мәселесін шұғыл қолға алды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің көмегімен бала табылып, оның Қазақстанға оралуына қажетті көмек көрсетілді", – деді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтарының мүддесі үшін жұмысты одан әрі жалғастыра беретінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992828-anasy-alayaqtyq-zolmen-alyp-ketken-16-zastagy-qazaqstandyq-qyz-turkiyadan-elge-qaitaryldy/

pixel