Бүгін Қазақстанның ірі қалалары мен ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Алматы көшесіндегі көліктер
Алматы көшелерінің бірі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 16 қазан жексенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады.

Елдің оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында жел күшейіп, батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Сондай-ақ метеорологтар жексенбіде Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болатынын болжады.

Олардың мәліметінше, бүгін Астана қаласында көшпелі бұлт шығып, күндіз кей уақытта жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 7-12 м/с. Түнде 4-6, күндіз 13-15 градус жылы болады.

Алматы қаласына да көшпелі бұлт шығады, бірақ жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Желдің күші 2-7 м/с. Оңтүстік астанада түнде 10-12, күндіз 23-25 градус жылы болады.

Шымкент қаласында да көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сондай-ақ күші 8-13 м/с болатын оңтүстік-батыстан жел соғуы ықтимал. Түнде 8-10, күндіз 25-27 градус жылы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992921-bugin-qazaqstannyn-iri-qalalaryn-men-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/