Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев диқандарды егін жинау нәтижесімен құттықтады

Опубликовано:

астық жинау науқаны
Астық жинау науқаны. Көрнекі фото: pixabay.com

Жаппай егін жинау науқанының аяқталуына орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық диқаншыларды құттықтап, оларға денсаулық пен еңбектеріне табыс тіледі. Президенттің құттықтау жеделхаты Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

"Диқандарымыздың жоғары кәсібилігінің, өз ісіне адалдығының және қажырлы еңбегінің арқасында агроөнеркәсіп кешені азық-түлік қауіпсіздігінің сенімді кепіліне және экономикалық дамудың басты қозғаушы күшіне айналды. Біз тұрғылықты жеріне қарамастан барлық азаматтың жан-жақты дамуына бірдей мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз.

Сондықтан ауыл тұрғындарының әл- ауқатын арттырып, тұрмыс салтын жақсарту - біздің басты міндетіміз. Барша диқанға зор денсаулық пен  бақ береке тілеймін", - делінген президенттің құттықтау хатында.

Айта кетейік, бүгін, 16 қазанда Қазақстанда Нан күні аталып өтуде. Мерекелік күн 2019 жылы үкімет қаулысымен бекітілген еді. Бұл күн нан өнімдерінің, сондай-ақ нан өндірісіне қатысы бар барлық маманның-нан өндірушілер, ұн тартушылар мен наубайшылардың жоғары мәртебесін нығайтуға арналған.

Биыл нан өнімі бұрын белгіленген болжамды деңгейден асып түскен. Мәселен, жоспарланған 19,5 млн тонна бункерлік салмақтағы астықтың орнына бүгінде 21,7 млн тоннадан астам астық бастырылған.

Сонымен қатар 16,3 млн тоннадан астам бидай жиналған.

"Мұның бәрі нан өсірушілердің қажымас еңбегінің арқасында мүмкін болды", - дейді Ауыл шарушылығы министрлігінің өкілдері.

Ведомство бүгінгі таңда қазақстандық фермерлер астықпен отандық нарықты ғана емес, шет мемлекеттерді де қатамасыз етіп отырғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992931-toqaev-sarualardy-egin-zinau-natizesimen-quttyqtady/

pixel