Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жел, жаңбыр, тұман: синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Опубликовано:

қолшатыр ұстаған қыз
Қолшатыр ұстаған қыз. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

"Қазгидромет" РМК Қазақстанның бірқатар облысында дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, 17 қазанда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында солтүстік-бағыттан екпіні 17-22 м/с-қа дейін жететін жел соғуы ықтимал.

17 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, сондай-ақ Ақтөбе облысының солтүстігінде, Орал және Ақтөбе қаласында тұман күтіледі.

17 қазанда түнде Павлодар облысының солтүстігінде де тұман түсіп, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

17 қазанда күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғып, күші 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

17 қазанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, сонымен қатар Петропавл қаласында солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

17 қазанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында да шығыстан жел соғып, күші 15-20, 23-28 м/с-қа дейін жетеді деп күтілуде.

17 қазанда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне ауысып, күші 15-20, 23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992959-zel-zanbyr-tuman-sinoptikter-elimizdin-birqatar-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalady/

pixel