Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды аулаларында үрмелі аспапта ойнап, жұрттың ықыласына бөленіп жүрген жігіт жайлы не білеміз

Опубликовано:

Дмитрий Ахмадиев
Дмитрий Ахмадиев. Видеодан кадр: Хабар 24

Қарағандыда соңғы кезде үстіне ұлттық шапан киіп, ауладағы тұрғындарға нағыз концерт ұйымдастырып жүрген ер адам пайда болған. Музыкант жігіттің мақсаты - үрмелі аспапты насихаттау, деп хабарлайды Хабар 24.

Қарағанды аулаларынды симфонияны әуелеткен музыканттың есімі - Дмитрий Ахмадиев.

Телеарнаның хабарлауынша, ол еліміздің біраз облысын аралап, жанына жайлы жер іздеген. Ақыры Қарағандыға тұрақтаған. Оның репертуарында әлемдік классика мен қатар қазақстандық композиторлардың туындылары да бар.

Дмитрий Челябинск қаласындағы музыкалық институтты тәмамдаған соң Көкшетау қаласындағы джаз оркестінде 5 жыл жұмыс істеген. Мұнан соң музыканттың жаны еркіндікті қалап, Қазақстанның 7 бірдей қаласын аралап шыққан, дегенмен ол ең шынайы тыңдармандарын Қарағандыдан тапқан.

"Өзіме ұнайтын қаланы іздеп, жеті қалаға бардым. Әзірге Қарағандыда тұрақтадым. Мұндағы адамдар өнерді бағалайды екен. Сондықтан алдағы біраз уақытта осында болып, ауладағы балалардың музыка соның ішінде үрмелі аспаптарға деген құштарын ашқым келеді", - дейді Дмитрий.

Телернаның мәліметінше, Дмитрий гитарада да ән салады. Бірақ мақсаты үрмелі аспап саналатын трубасын насихаттау. Мысалы оның ізімен қазір Петропавл, Алматы қалаларында да көшеге шығып үрмелі аспапты насихаттайтын жандар пайда болған.

Дмитрий өзі музыкадан ләззат алатынын айтады.

"Бұл аспаптың даусы да қатты шығады. Жүрек сырын шертетін музыканы орындауға болады. Сонысымен ерекше. Адамдардың ілтипаты байқалып тұрады. Бірде мен Шәмшінің әндерін орындап болған кезде ауладағы балалар келіп мені бас салып құшақтады. Сол кезде өзімді ерекше бақытты екенімді сезіндім", - дейді Дмитрий.

Сахнадан сырт айналуының себебін Дмитрий өзі жүргізген сараптама нәтижесімен түсіндіреді. Ол қарапайым тұрғындардың 70 пайызы ешқашан симфониялық оркестр концертіне бармағанын аңғарған. Осылайша ол үрмелі аспапты жаңаша насихаттап жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992972-qaragandy-aulalarynda-urmeli-aspapta-oinap-zurttyn-yqylasyna-bolenip-zurgen-muzykant-zigit-zaily-ne-bilemiz/

pixel