Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір жылда балық 15 пайызға қымбаттаған

Опубликовано:

балық
Балық. Көрнекі фото: pexels.com

Елімізде бір жылда балық 15 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Energyprom басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, биыл қыркүйек айының қорытындысы бойынша жаңа ауланған немесе салқындатылған балық бір жылда 15 пайызға, мұздатылған – 15,1 пайызға, қабығы аршылған мұздатылған асшаяндар – 26,4 пайызға қымбаттаған.

Өңірлер арасында жаңа ауланған немесе салқындатылған балық бағасының айтарлықтай өскенін Павлодар (44,7 пайыз), Қостанай (24,7 пайыз) және Маңғыстау (24 пайызға) облыстарының тұрғындары сезінген.

Мұздатылған балықтың бағасы Маңғыстау (43,4 пайыз), Жетісу (35,2 пайыз) және Атырау (29,6 пайыз) облыстарында айтарлықтай өскен.

Аршылған мұздатылған асшаяндар бағасы негізінен Маңғыстау (бірден 2,5 есе), Ақтөбе ( 49,4 пайыз) және Ақмола ( 36,4 пайыз) облыстарында өскен.

Балық өнімдерінің ішінде бір жылда тұздалған майшабақ 34,2 пайызға, балық консервілері – 29,6 пайызға, майдағы шпрот – 24,9 пайызға, салқын ысталған скумбрия – 23,8 пайызға, тұздалған деликатес балық – 22,2 пайызға, қызыл уылдырық – 21,2 пайызға қымбаттаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992997-elimizde-bir-zylda-balyq-15-paiyzga-qymbattagan/

pixel