Қазақстанда жол апатының алдын алу үшін үй жануарларын арнайы белгімен таңбалау жоспарлануда
Опубликовано:
Елімізде жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін үй жануарларын жарық шағылыстырғыш аэрозольмен таңбалау жоспарлануда. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ведомство мәліметінше, бүгінгі таңда республикалық маңызы бар автожолдарда 300-ден астам авариялық-қауіпті учаске бар. Жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі - үй жануарларының жол бойына шығып кетуі.
"Осыған байланысты республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының авариялық-қауіпті учаскелеріндегі қауіпсіздікті арттыру мақсатында қосымша іс-шаралар қолға алынды. Үй жануарларының иелері (республикалық автожолдардың жанында тұратын) жарық шағылыстырғыш ленталармен, сондай-ақ жарық шағылыстырғыш аэрозольмен қамтамасыз етіледі", - дейді министрлік өкілдері.
Сондай-ақ министрлік республикалық трассалардың қауіпті учаскелерінде шулы жолақтардың санын ұлғайту жоспарланып отырғанын, алдағы уақытта қосымша стробоскоптар мен торлы қоршаулар орнатылатынын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993011-qazaqstanda-zol-apatynyn-aldyn-alu-usin-ui-zanuarlaryn-zaryq-sagylystyrgys-aerozolmen-tanbalau-zosparlanuda/