Ұшақ бортында темекі шеккен қыздар әуе рейсінен түсірілді

Опубликовано:

ұшақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұшақ бортында темекі шеккен қыздар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ ақпараттық медиа-порталының мәліметінше, әуе кемесінің бортында темекі шеккені үшін Астана қаласының 20 жастағы тұрғыны акт бойынша "Шарм-Эль-Шейх – Астана" бағытындағы әуе рейсінен түсіріліп, көлік полицейлеріне берілген.

Бойжеткен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 441-бабының 1-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған (153 150 тг).

Басылымның хабарлауынша, тағы бір жолаушы қыз Орал қаласының тұрғыны дәл осындай құқықбұзушылық жасағаны үшін "Орал – Алматы" бағытындағы әуе рейсінен түсірілген. 

Басылым осы жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар жасағаны үшін әуе рейсінен 379 азаматты түсіргенін, оның ішінде әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін – 106, алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін 204 адам жауапқа тартылғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993107-usaq-bortynda-temeki-sekken-qyzdar-aue-reisinen-tusirildi/