Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін еліміздің мегаполистерінде қар мен жаңбыр жауады

Опубликовано:

Күзгі жапырақтар және қар
Қар мен жапырақ. Көрнекі фото: Pexels.com

Сейсенбі, 18 қазан күні Қазақстанның үш мегаполисінде – Астана, Алматы және Шымкентте күн күрт суытып, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Ағымдағы ауа райы болжамы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланған.

Ауа райы болжамы бойынша, бүгін Алматыда термометрлер +13...+15 градустан аспайды. Оңтүстік астанада жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы секундына 2 метрден 7 метрге дейін жетеді.

Астанада синоптиктер жаңбыр араласқан қар жауады деп болжап отыр, ауа температурасы +7...+9 градус болады. Астаналықтарға да желдің секундына 7-12 метрге дейін күшеюі ескертіледі.

Шымкентте де ауа райының нашарлауы күтілуде. Мұнда ауа температурасы +15...+17 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с болмақ. Синоптиктер үшінші мегаполисте де жаңбыр түріндегі жауын-шашын болады деп болжайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993128-elimizdin-megapolisterinde-qar-men-zanbyr-zauady/

pixel