Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда арнайы операция барысында 5 миллион теңгенің мүлкін ұрлады деген күдіктілер ұсталды

Опубликовано:

Ер адамның қолына кісен салынған
Кісен салынған ер адамның қолы. Көрнекі фото: Pexels.com

Алматыда Райымбек даңғылында орналасқан ательеден бес миллион теңгеге жуық мүлік ұрланды. Тәртіп сақшылары күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Әуезов аудандық полициясының мәліметінше, оқиға күндіз, сағат 10:00-ден 12:00-ге дейінгі аралықта орын алған. Белгісіз адам еркін түрде кеңсеге кіріп, сол жерден мүлікті ұрлап, жалпы сомасы 4 млн 700 мың теңге болатын материалдық шығын келтірген.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Күдіктілер полицияның арнайы жасағының көмегімен жүргізілген арнайы іс-шараның нәтижесінде қаладағы базарлардың бірінде ұсталды", – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Күдіктілердің екеуі де Түркістан және Алматы облыстарынан келгендер. Олардың жасы 25 пен 29-да. Қазір күдіктілердің жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993131-almatyda-arnaiy-operaciya-barysynda-5-million-tengenin-mulkin-urlady-degen-kudiktiler-ustaldy/

pixel