Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысының өңірлік төлтаңбасы бекітілді

Опубликовано:

Талдықорғандағы пейзаж
Талдықорған. Фото: instagram.com/taldykorganec.insta

Жаңадан құрылған Жетісу өңірінде облыстың төлтаңбасы бекітілді. Рәміздің авторы Суретшілер одағының мүшесі, Талдықорған қалалық қорғаныс басқармасы бастығының көмекшісі Есет Дәуренбеков болды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Жер жаннаты Жетісу облысының гербі шеңбер ішінде орналасқан, мемлекеттік Тудың көк және алтын түсіне негізделіп құрылған.

"Негiзгі нышандардың бірі – шаңырақ, Жетісу жерінің асқарлы, биік таулары, Талдықорған қаласының символы "Жетісу монументі", Ұлы Жібек Жолының нышаны – керуен көші, жеті өзен, Балқаш, Алакөл көлдерінің айдыны бейнеленген", – делінген хабарламада.

Төлтаңбаның жоғарғы жағында облыстың атауы алтын әріптермен жазылған.

Жетісу облысының елтаңбасы
Жетісу облысының елтаңбасы. Фото: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыстық қоғамдық даму басқармасының мәліметінше, өлкенің тарихи-мәдени және географиялық ерекшеліктерінің көрсетілуі, жоғары көркемдік деңгейі, бірегей дизайндық шешім, түстердің үйлесімділігі мен геральдика талаптарының сақталуы бағаланған.

"Конкурстық комиссия мүшелерінің шешімімен Жетісу облысы Талдықорған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының әскери патриоттық жұмыс және Қарулы Күштер ардагерлерімен жұмыс жөніндегі көмекшісі, сонымен бірге, Суретшілер одағының мүшесі, Көркем академияның корреспонтент мүшесі, вице президенті Дәуренбеков Есет Жеңісұлының эскиз жобасы бірауыздан таңдап алынды", – дейді ресми хабарлама.

Байқауға суретшілер, фотографтар, дизайнерлер, архитекторлар және қарапайым қала тұрғындары да қатысып, жалпы 17 үміткерден 55 эскиз түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993137-zetisu-oblysynyn-onirlik-toltanbasy-qabyldandy/

pixel