Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда электр энергиясын тұтыну төмендеді: Энергетика министрлігі себептерді атады

Опубликовано:

Электр станциясы
Электр станциясы. Фото: Pexels.com

Энергетика министрі Болат Ақшолақов министрлер кабинетінің отырысында еліміздің энергетика жүйесінің қазір қалай жұмыс істеп жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Энергетика министрлігінің басшысы елдегі жағдайдың тұрақтанғанын мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта Бірыңғай электр жүйесі тұрақты жұмыс істеп тұр. Биылғы 16 қазандағы жағдай бойынша электр энергиясын өндіру экспортты есепке алғанда 86,9 млрд кВт/сағ. құрады. Тұтыну 86,8 млрд кВтсағ болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4 пайызға төмен. Тұтынудың азаюы негізінен заңсыз цифрлық өндіру қызметін жүзеге асырған тұлғаларды анықтау бойынша жүргізілген жұмыстардың арқасында болып отыр", – деді Ақшолақов.

Оның бағалауы бойынша, алдағы күзгі-қысқы кезеңде энергетикалық жүйедегі максималды жүктеме шамамен 16,1 ГВт болады.

Еске салайық, биыл қаңтар айында Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанда, яғни Алматы, Шымкент, Алматы және Жамбыл облыстарында ауқымды электр қуаты үзіліп, көршілес екі мемлекеттің бірқатар өңірлері жарықсыз қалған болатын.

"KEGOC" электр энергиясының өшуін Орталық Азияның энергетикалық жүйесінде туындаған елеулі апаттық теңгерімсіздікке байланысты "Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстігі" 500 кВ электр энергиясының транзитінде электр қуатының артуы орын алғанымен түсіндірді.

Кейін бұл жағдайға Энергетика министрлігі түсініктеме берді. Ал, бұл оқиғадан кейін Мәжілісмендер үкіметті сұр кеншілермен күрес тетігін әзірлеуге шақырды.

Депутаттар атап өткендей, кеншілер 1400 мегаваттан астам электр қуатын тұтынатындықтан, олар еліміздің энергетикалық жүйесіне шамадан тыс жүктеме түсіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993172-qazaqstanda-elektr-energiyasyn-tutynu-tomendedi-energetika-ministrligi-sebepterdi-atady/

pixel