Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұрынғы жағдайға оралдық": Ішкі істер министрі ресейліктердің Қазақстанға ағылуы туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Жолаушы
Көрнекі фото: pixabay.com

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов үкімет отырысынан соң БАҚ өкілдеріне елімізге ресейліктердің жаппай келуіне байланысты жағдай қалай екені туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Марат Ахметжанов қазіргі таңда жағдай тұрақтанғанын мәлім етті.

"Дәл қазір келгендер туралы нақты мәлімет айта алмаймын. Елімізге ресейліктер көп келді. Ал қазір бұрынғы жағдайға оралдық", - дейді министр.

Ахметжановтың сөзінше, Қазақстанға келуші ресейліктердің саны азайған.

"Бұрынғы жағдайға оралдық. Қазір Ресейден келетін азаматтардың саны кетіп жатқандардан аз. Күн сайын 8-9 мың азамат келеді, 10-11 мың азамат кетеді. Депортация жасалғандар бар, бірақ олардың нақты санын айта алмаймын, өйткені ол күнделікті жұмыс", - деп түйіндеді сөзін Ішкі істер министрі.

Еске сала кетейік, 21 қыркүйекте Ресейде ішінара мобилизация жарияланды. Осыдан соң ер азаматтар елінен жаппай кете бастады. Олардың көпшілігі Қазақстанға келді, оның салдарынан екі ел шекарасында көліктердің үлкен кезегі пайда болды.

Ал өткен жұмада Владимир Путиннің ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін Ресейден кеткен ресейліктерге қатысты жағдайға пікір білдіргенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993212-buryngy-zagdaiga-oraldyq-iski-ister-ministri-reseilikterdin-qazaqstanga-agyluy-turaly-pikir-bildirdi/

pixel