Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілерге жаза қатаңдатылмақ

Опубликовано:

жаяу жүргінші жолағы
Жаяу жүргіншілер жолағы. Көрнекі фото: pixabay.com

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жолды белгіленбеген жерден кесіп өтетін жаяу жүргіншілерге қатысты қандай шара қолданылуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жандос Мұратәлиевтің сөзінше, Астана мен Алматыда жаяу жүргіншілердің көшеден өтуі қауіпсіз болуы үшін барлық жағдай жасалған.

Дегенмен, оның айтуынша, адамдар "өздерінен 50 метр қашықтықта орналасқан жер асты немесе жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі болса да" жолды әлі күнге дейін белгіленбеген жерден кесіп өтеді.

"Бұл ретте біз жаяу жүргіншілерге де жүргізушілерге қатысты шараларды қолданатын шығармыз. Егер жаяу жүргінші бірінші рет ереже бұзса, ескерту жасаймыз, екінші рет оған әкімшілік айыппұл саламыз, ал үшінші және одан кейінгі құқықбұзушылық жағдайлары тіркелсе, біз оған 50 пайыздық жеңілдікпен айыппұл төлеуіне тыйым салынатын шараларды қолданамыз", - дейді ІІМ өкілі.

Еске сала кетейік, Ішкі істер министрлігі жол ережесін бұзғаны үшін бір жыл ішінде 5 реттен астам әкімшілік құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеу мүмкіндігін алып тастайтын түзетулерді әзірлеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993221-qazaqstanda-zol-erezesin-buzgan-zayau-zurginsilerge-zaza-qatandatylmaq/

pixel