Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда автобус тізгінінде отырып, телефон арқылы хат жазысқан жүргізуші жауапқа тартылды

Опубликовано:

телефон ұстаған ер адам
Телефон ұстаған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

Әлеуметтік желіде Қарағандыдағы автобустардың бірінде түсірілген видео тарады. Онда автор жүргізушінің көлік жүргізіп келе жатып, телефонда хат жазысып отырғанына шағымданған. Тәртіп бұзушы жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды IIM ресми Telegram-арнасында.

Полиция мәліметінше, 18 қазанда Instagram-дағы ekar.kz парақшасында автобус жүргізушісінің көлік жүргізіп келе жатып, телефон арқылы біреумен хабарлама алмасып жатқан сәті түсірілген видео жарияланған.

Тәртіп сақшылары видеодағы жүргізушінің кім екенін анықтаған. Ол 27 жастағы жігіт болып шыққан.

"Оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 591-бабына сәйкес ("Жүргізушінің көлік құралын басқару кезінде телефон немесе радиостанцияны пайдалануы") хаттама толтырылды. Аталған факт бойынша материалдар жинақталып, шешім шығару үшін сотқа жолданды", - дейді полиция өкілдері.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда автобус жеке тұрғын үйге соғылып, салдарынан бірнеше адам зардап шеккен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993227-qaragandyda-avtobus-zurgizip-kele-zatyp-telefon-arqyly-xabarlama-zazysqan-zurgizusi-zauapqa-tartyldy/

pixel