Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар полициясы бес жасар балаға дене жарақатын салу фактісі бойынша тәрбиешіге қатысты іс қозғады

Опубликовано:

Балабақша
Балабақшадағы балалар. Көрнекі фото: pexels.com

Павлодар полициясы мамандандырылған балабақша тәрбиешісіне шағымданған ананың арызын қарады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, полиция өкілдері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде Instagram-дағы парақшалардың бірінде жазылған Павлодар тұрғынының шағымына назар аударған.

Жазба авторы Павлодар қаласының мамандандырылған балабақшасының тәрбиешісі кәмелетке толмаған ұлына дене жарақатын салғанын айтқан.

Аталған факт бойынша павлодарлық полицейлер тексеріс жүргізген. Нәтижесінде балабақша тәрбиешісінің 2017 жылы туған балаға дене жарақатын салғаны анықталған. Сондай-ақ тағайындалған сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, баланың денсаулығына жеңіл түрде зиян келген.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша балабақшаның 30 жастағы тәрбиешісіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалған.

Полиция материал сотта қаралатынын атап өтті. Құзырлы органға баланың бір заңды өкілі өтініш білдірген.

Сондай-ақ құқық қорғаушылар тексеріс нәтижесі мектепке дейінгі мекеменің қызметкері мен басшысына қатысты тәртіптік шара қолдану үшін облыстық білім басқармасына жіберілетінін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993254-pavlodar-policiyasy-bes-zasar-balaga-qol-koteru-isi-boiynsa-balabaqsa-tarbiesisine-qatysty-is-qozgady/

pixel