Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық мектептерде "Жол жүрісі қағидалары" жеке пән ретінде оқытылуы мүмкін

Опубликовано:

жол
Жол. Көрнекі фото: pixabay.com

2023 жылдан бастап елімізде "Жол жүрісі қағидалары" мектепте жеке пән ретінде оқытылуы мүмкін. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Брифинг барысында журналистердің бірі Ішкі істер министрлігінің "Жол жүрісі қағидаларын" жеке пән ретінде мектеп бағдарламасына енгізу туралы ұсынысына қатысты сауал жолдады.

Жандос Мұратәлиев өз кезегінде аталған ұсыныс үкімет басшысы тарапынан қолдау тапқанын атап өтті. Оның сөзінше, бүгінде Оқу-ағарту министрлігіне жаңа пәнді енгізу жайлы тапсырма берілген.

"Келесі жылдан бастап, яғни 2023 жылдың қыркүйегінен бастап "Жол жүрісі қағидаларын" жеке пән ретінде енгізу туралы ұсыныс өткенде үкімет сағатында да, үкімет отырысында да жасалған болатын. Үкімет басшысы бұл ұсынысты қолдап, Оқу-ағарту министрлігіне тапсырма берді. Министрлік бізді қолдап, осы пәнді енгізеді деп ойлаймыз", - деді Жандос Мұратәлиев.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте Жандос Мұратәлиев жолды белгіленбеген жерден кесіп өтетін жаяу жүргіншілерге, сондай-ақ самокат тебушілерге қатысты жаза қатаңдатылатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993255-qazaqstandyq-mektepterde-zol-zurisi-qagidalary-zeke-pan-retinde-oqytyluy-mumkin/

pixel