Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда жұмысқа орналастырамын деп тұрғындардан 9 млн теңге алған әйел ұсталды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Маңғыстаулықтар жеңілдетілген кредит алуға және жұмысқа орналасуға көмектесемін деп алдап кеткен әйелдің үстінен полицияға арызданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жәбірленушілерге келген шығынның жалпы көлемі 9 272 000 теңгені құраған.

"Криминалдық полиция қызметкерлері шағымдарға қатысты 31 жастағы күдіктіні ұстады. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша тіркелді", - делінген баспасөз мәліметінде.

Маңғыстаулық полицейлер облыс тұрғындары мен қонақтарынан сенімсіз есепшоттарға ақша аудармаулары керектігін ескертеді. Сондай-ақ алаяқтық қылмыстың куәсі болса, жақын маңда орналасқан полиция бөлімшесіне немесе 102 пультіне хабарласуын сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993282-mangystauda-zumysqa-ornalastyramyn-dep-turgyndardan-9-mln-tenge-algan-aiel-ustaldy/

pixel