Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңбыр, тұман, жел: бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

жаңбыр
Жаңбыр. Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 19 қазан сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, атлантикалық циклонның және атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұман, жауын-шашын күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) жауады.

Тек Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сондай-ақ бүгін республиканың кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін, солтүстікте, солтүстік-батыста 23-25 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993297-zanbyr-qar-bugin-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel