Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жастық шағы Қазақстанда өткен ғой": Қазақ әнін нақышына келтіріп орындаған әжей желіде құрметке бөленді

Опубликовано:

қазақ әнін орындап отырған әжей
Қазақ әнін орындап отырған әжей. Видеодан кадр: instagram.com/shyndykz

Әлеуметтік желіде әйгілі Дос Мұқасан тобының орындауындағы танымал қазақ әнін нақышына келтіріп шырқаған өзге ұлты өкілінің видеосы пайда болды. Видео авторлары оның Қазақстаннан көшіп кеткен ұлты неміс әжей екенін айтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде пайда болған кадрлардан әжейдің үстел басында "Сұлу қыз" әнін айтып отырғанын көрруге болады.

Әнді сол жерде отырған басқа да жандар қосылып шырқайды. Әннің сөзін ұмытпағанынан бөлек, әжейдің қазақ тілінде еркін, жатық сөйлейтіні байқалады.

Әнді нақышына келтіре орындаған әжейге сол жерде отырғандардың бәрі шапалақ соғып, қошемет көрсеткен.

Бұл видео желі қолданушыларының қызу талқысына түскен. Олар әжейдің қазақ әнін әуелете шырқағанына сүйіспеншілікпен қарауда.

"Басқа ұлт өкілі қазақ әнін мақтанышпен шырқап отыр, апамызға ұзақ ғұмыр берсін", "Қазақ жерін, әнін аңсап отыр ғой бұл кісі", "Керемет, аман болсын! Жүрегі қазақ деп соғып тұр", "Керемет айтып отыр ғой апамыз", "Жүз жасаңыз!", "Жастық шағы Қазақстанда өткен ғой", "Даусыңыз қандай күшті, сөзін де тамаша айтып отырсыз. Жасыңыз ұзақ болсын!", - деп пікір қалдырды желі қолданушылары видеоға.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993311-zastyq-sagy-qazaqstanda-otken-goi-qazaq-anin-naqysyna-keltirip-oryndagan-ulty-nemis-azei-zelide-qurmetke-bolendi/

pixel