Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәтбаевта тал түсте жас жігітті атып кетті: оқиғаға қатысты екі күдікті ұсталды

Опубликовано:

Ұсталған күдікті
Сәтбаевта ұсталған күдіктілердің бірі. Фото: Telegram/POLICE_of_KZ

Сәтбаев қаласында оқ жарақатын алған 24 жастағы жігіттің оқиғасына қатысты екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды ІІМ ресми Telegram-арнасында.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүргізілген жедел-іздестіру іс шаралары барысында полиция қызметкерлері 18 және 20 жастағы екі күдіктіні ұстаған.

Олардың бірі көлік тізгінінде болса, болжам бойынша екіншісі жәбірленушіге оқ атқан.

Полицияның дерегінше, алдын ала мәлімет бойынша қаладағы сауда үйлерінің бірінің алдында жас жігіттер арасында келіспеушілік туындап, соңы төбелеске ұласқан. Төбелестен соң олардың бірі 24 жастағы азаматқа оқ атып, автокөлікпен оқиға орнынан ізін жасырған.

Оқ жарақатын алған жігіт ауруханаға жеткізілген.

Сондай-ақ ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 24-99 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Айғақ заттар тәркіленіп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

ІІМ оқиғаға қатысушы өзге де жандардың жеке басы анықталғанын, қазіргі уақытта оларды ұстау бойынша кешенді шаралар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993328-satpaevta-tal-tuste-zas-zigitti-atyp-ketti-oqigaga-qatysty-eki-kudikti-ustaldy/

pixel