Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазан айында Қостанай облысында бәйшешек, Кентауда алма ағашы гүлдеді (фото)

Опубликовано:

Бәйшешек
Бәйшешек. Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанай облысындағы Семиозерный орман шаруашылығына қарасты қарағайлы орманның өртенген алқабында бәйшешек гүлдеді. Ал Кентауда алма ағашы гүлдеп тұр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Костанайские новости" басылымының хабарлауынша, мамандар бәйшешектің шығуын жылы ауа райының сақталуы мен өртке байланысты топырақтың жылынуымен түсіндірген.

Басылым бәйшешектің гүлдеуі жақсы белгі екенін атап өткен. Себебі, мамандардың айтуынша, бұл жердегі алқап қатты күймегенінің белгісі, демек олар тез қалпына келеді.

бәйшешек
Қазан айында Қостанай облысында гүлдеген бәйшешек. Фото: kstnews.kz

Басылымның мәліметінше, бәйшешек Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

алма ағашы
Кентауда гүлдеп тұрған алма ағашы. Фото: Кентау қаласы әкімдігі

Сондай-ақ Кентауда алма ағашы гүл ашты. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлады. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Кентау қаласында бұрын-соңды мұндай құбылыс болмаған.

Гүлдеген алма ағашы қаладағы №1 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының ауласында өсіп тұр. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, бұл жеміс талын Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай еріктілер отырғызған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда қазан айының ортасында сирень ағашы гүлдегенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993336-qazan-aiynda-qostanai-oblysynda-baisesek-kentauda-alma-agasy-guldedi-foto/

pixel