Тоқаев: Қонаев қаласын маңызды әрі тартымды облыс орталығына айналдырамыз

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы жұртшылығының алдында сөз сөйлеуде. Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қонаев қаласын маңызды әрі тартымды облыс орталығына айналдыруға байланысты үкіметке тапсырма берді, деп хабарлайды БОРТN1 Telegram-каналы.

"Біз бірлесе отырып, Қонаев қаласын маңызды әрі тартымды облыс орталығына айналдырамыз. Үкіметке осы мәселелерді шешуде әкімдікке қолдау көрсетуді тапсырамын", - дейді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, облыс орталығын Қонаевқа көшіру жұмыс орындарын ашу, тұрғын үй қорын ұлғайту, инфрақұрылымды дамыту, көшелерді абаттандыру жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

"Өңірде әкімшілік ғимараттар, тұрғын үйлер, ауруханалар, мектептер, балабақшалар, мәдениет және спорт нысандары жаппай салынады, санаториялық және курорттық аймақтар пайда болады. Облыс орталығын экологиясы таза, өмір сүруге қолайлы "ақылды" қала ретінде дамыту қажет. Жаңа облыс орталығына жаңа бас жоспар керек. Бұр ретте қаланың жаңа мәртебесін ескеру маңызды", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы жұртшлығымен кездесуінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993370-toqaev-qonaev-qalasyn-manyzdy-ari-tartymdy-oblys-ortalygyna-ainaldyramyz/