Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ресейден Қазақстанға ағылған халықаралық компанияларды қайда орналастыруға болатынын айтты

Опубликовано:

жиын
Жиын. Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының жұртшылығымен кездесу барысында Ресейден Қазақстанға ағылған халықаралық компанияларды қайда орналастыруға болатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ БОРТ N1 Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазіргі таңда Қазақстанға Ресейден 50-ден астам халықаралық компания көшті. Олардың барлығын ірі қалаларға шоғырландыру тиімсіз. Әкімдік мұндай өндірістерді Алматы маңында ҮАААЖ (БАКАД) периметрі бойынша орналастыруды пысықтауы керек, бұл өңір экономикасына айтарлықтай септігін тигізеді. Бұл мәселені үкіметпен және компаниялармен талқылау керек", - дейді президент.

Мемлекет басшысының сөзінше, облыс орталығы Алматыға қатысты "контрмагнитке" айналуы қажет.

"Біз инвесторлардың, оның ішінде өзге елдерден релокацияны жүзеге асыратын инвесторлардың жаңа өндіріс орындарын ашуы үшін барлық жағдай жасауымыз керек. Шетелдік серіктестермен кедергісіз және тоқтаусыз тауар алмасуды қамтамасыз ету мақсатында бұл мәселені қазірден бастап қолға алуымыз қажет.

Өңірде бірқатар экспорттаушы кәсіпорын жұмыс істейді. Негізгі салық жинақтары солардан түседі. Оларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну арқылы өндірісті кеңейтуге көмек беруіміз қажет. Ұлттық экономика және қаржы министрліктеріне ұсыныстарды бір ай мерзім ішінде ұсынуды тапсырамын", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993372-toqaev-reseiden-qazaqstanga-agylgan-xalyqaralyq-kompaniyalardy-qaida-ornalastyruga-bolatynyn-aitty/

pixel