Ақтөбе қаласында авиатор-офицерлердің жиырма бесінші шығарылымы өтті
Жарияланған күні:

Биыл Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтын ұшу және инженер мамандықтары бойынша 71 офицер бітіріп шықты. Олардың үшеуі– Тәжікстан азаматтары, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Салтанатты рәсім облыс әкімдігі алдындағы орталық алаңда өтті. Оған Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, әскери институттың бастығы генерал-майор Дәурен Қосанов, сондай-ақ Қарулы күштердің ардагерлері, бітіруші түлектердің ата-аналары мен достары қатысты.

Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты 11 мамандық бойынша майдандық, әскери-көлік, армия авиациясының ұшқыштары мен инженерлерін дайындайды. Дәстүр бойынша "Сағадат" маршы орындалып, алаңға оқу орнының Жауынгерлік Туы әкелінді.
"Мемлекет әскери қызметшілердің лайықты қызмет жағдайларын жасауға, олардың әлеуметтік қорғалуы үшін бәрін жасайды. Жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломды алумен қоса сіздер кәсіби және жеке өсудегі маңызды кезеңге өттіңіздер", – деді Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов.

Институттың үздік түлегі лейтенант Ербол Ислам түлегі осындай айтулы оқиғамен құттықтап, оларға қызметте табыс және алға қойған мақсаттарына жетуде табандылық тіледі.
"Ұшақтың штурвалына отырмас бұрын біз көптеген пәндерді оқыдық. Ұшу аппараттарының жүйелерін пайдалану негіздерін, әуе шайқасын жүргізу тактикасын меңгердік, тренажерларда жұмыс істедік. Дайындықтың барлық кезеңдерінде қасымызда оқытушылар мен нұсқаушылар болды. Оларға көп рахмет. Біз олардың тәлімін есте сақтаймыз және ұстаздарымызға кір келтірмеуге тырысамыз", – деді Ербол Ислам.

Дәстүр бойынша іс-шара алғашқы офицерлік вальспен және "монета жаңбыры" жауған салтанатты шерумен аяқталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993456-aqtobe-qalasynda-aviator-oficerlerdin-ziyrma-besinsi-sygarylymy-otti/