Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үштөбеде рельстің үстіне асфальт төсеп тастағандар айыппұл арқалады

Опубликовано:

Жұмысшылар асфальт төселген теміржолды ашып жатыр
Үштөбеде асфальт төселген теміржол: instagram/zhetysu.police

Полицейлер Үштөбеде теміржол рельсінің үстіне асфальт төсеген жол салатын ұйымға айыппұл салды. Бұл туралы Жетісу облысының полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айта кетелік, бүгін әлеуметтік желіде теміржолды асфальттап тастағаны туралы видео таралды. Аталған жайт Жетісу облысына қарасты Үштөбе ауылында болған.

Бұл мәселе полиция назарынан тыс қалған жоқ.

"Жол-техникалық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына барып, ереже бұзылғанын растады. Жөндеу жұмыстары кезінде вагондардың көмір қорына баратын жолы жабылып қалғаны белгілі болды. Аталған учаскеде жөндеу жүргізген ұйым жауапкершілікке тартылды", - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Аталған факт бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993472-ustobede-relstin-ustine-asfalt-tosep-tastagandar-aiyppul-arqalady/

pixel