Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейсенбі күні мегаполис тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұр

Опубликовано:

Күзгі жапырақтар және күн сәулесі
Күзгі жапырақтар. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бейсенбі, 20 қазан күні Шымкент пен Алматы қалаларының тұрғындары үшін жауын-шашынсыз жылы ауа райы болады, ал Астанада жаңбыр жауады деп күтілуде. Ағымдағы ауа райы болжамы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланған.

Ауа райы болжамы бойынша бүгін, 20 қазанда Алматыда жауын-шашын күтілмейді, термометр бағаны 12-14 градус жылы болатынын көрсетеді. Оңтүстік астанада желдің жылдамдығы секундына 2 метрден 7 метрге дейін жетеді.

Метеорологтар Астана тұрғындарына жаңбыр жауатынын айтады, ауа температурасы +8...+10 градустан жоғары көтерілмейді. Елордада желдің екпіні секундына 9-14 метрден екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді деп күтілуде.

Шымкент тұрғындарын бүгін жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтіп тұр. Үшінші мегаполисте термометр +15...+17 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 5-10 м.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993484-beisenbi-kuni-megapolis-turgyndaryn-qandai-aua-raiy-kutip-tur/

pixel