Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көлікті ұрлап, Жаркентке сатып жіберген күдіктілер ұсталды

Опубликовано:

Күдіктіні ұстаған сәт
Күдікті. Фото: Polisia.kz

Алматыда Уәлиханов көшесінің бойындағы көлікті ұрлап, оны Жаркентке сатып жіберген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, күдіктілер Уәлиханов көшесінің бойында тұрған Toyota көлігін ұрлап кеткен. Күдіктілерді ұстау іс-шарасын қаланың криминалдық полициясы Медеу аудандық полиция басқармасы жедел уәкілдерінің белсенді көмегімен жүргізді.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер ұсталды. 36 жастағы О. есімді азамат көліктерді ашып, рөлге отырған. Ал 26 жастағы С. есімді азамат және 39 жастағы А. есімді азамат – сыбайластар. Тергеу шаралары барысында күдіктілердің ұрлап кеткен көлікті Жаркент қаласында сатып жібергендігі анықталды.

Сатып алушыны көліктің құжаттарының жоқтығы таңқалдырмаған. Бірақ кейінірек көлік табылып, тәркіленді және заттай айғақ ретінде Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс материалдарына тіркелді, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Айтпақшы, негізгі күдікті мүліктік қылмыстар – ұрлық және тонау жасағаны үшін үш рет сотталған, ал сыбайластарының бірі Қылмыстық Кодекстің 96-бабы 1-бөлігі бойынша жазасын өтеген.

"Қазір полиция қызметкерлері ұсталған адамдардың жеке басын бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріп жатыр. Күдіктілер қамауда отыр", – делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993509-almatyda-kolikti-urlap-zarkentke-satyp-zibergen-kudiktiler-ustaldy/

pixel