Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен келді

Опубликовано:

Жетісу облысы
Фото: instagram.com/taldykorganec.insta

Бүгін, 20 қазан күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды Борт №1 Telegram арнасы.

"Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына жұмыс сапары басталды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, күні кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды. Өз сапары барысында ол өңірде пайда болатын G4 City жобасымен танысты.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қонаев қаласын маңызды әрі тартымды облыс орталығына айналдыруға байланысты үкіметке тапсырма берді.

"Біз бірлесе отырып, Қонаев қаласын маңызды әрі тартымды облыс орталығына айналдырамыз. Үкіметке осы мәселелерді шешуде әкімдікке қолдау көрсетуді тапсырамын", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993530-toqaev-zetisu-oblysyna-zumys-saparymen-keldi/

pixel