Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әуежайында темекі шеккен мас ер адамға айыппұл салынды

Опубликовано:

Астана Халықаралық әуежайы
Астана Халықаралық әуежайы. Фото: Polisia.kz

Астана әуежайының терминалында темекі шегіп, полицейлердің заңды талаптарына бағынбаған ер адам алкогольдік ішімдік ішкен болып шықты, деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ Көліктегі полиция департаментінің ресми өкілі Ляззат Қасымжанованың айтуынша, Астана қаласының Халықаралық әуежайын патрульдеу кезінде әуежай терминалында масаң күйде электронды темекі шегіп тұрған 29 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстаған.

Оның айтуынша, тексеру барысында құқық бұзушы өзін дөрекі ұстап, полицейлердің ескертулеріне құлақ аспаған. Мән-жайды анықтау үшін полиция бөлмесіне жеткізбекші болғанда ер адам билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсеткен.

"Астана медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ұсталған адам "жеңіл дәрежедегі" алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Ұсталған азаматқа қатысты ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу), ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын тұтыну) және ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігі бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырылып, оған 20 АЕК (61 260 тг) мөлшерінде айыппұл салынды", – деді Л.Қасымжанова.

Билік өкіліне бағынбау бойынша материал процессуалдық шешім қабылдау үшін Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993675-astana-auezaiynda-temeki-sekken-mas-er-adamga-aiyppul-salyndy/

pixel