Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 14 жастағы баланы іздеуде

Опубликовано:

Жасөспірім
Жасөспірім. Фото: Pexels.com

Алматы облысының полиция департаменті өз Instagram парақшасында хабар-ошарсыз кеткен 14 жастағы жасөспірімге іздеу салып, бала туралы деректер жариялады. Жасөспірімді соңғы рет 11 қыркүйекте көргендер бар.

Талғар ауданы полиция басқармасының хабарлауынша, іздеу салынған Қасейін Мұрал 2007 жылы 26 желтоқсанда дүниеге келген. Ол Талғар ауданының Көкдала кентінде жоғалып кеткен. Соңғы рет ол 11 қыркүйек күні сағат 14.00 шамасында шөп шабу мақсатында үйінен шығып кеткен. Сол бойы қайтып үйіне оралмаған.

Белгілері: бойы 165 см, орташа дене бітімді, көздері қоңыр, шаштары қара. Оның үстінде ашық сұр түсті жемпір, қара шорты , аяқтарында қызыл красовка болған.

"Іздестіріліп жатқан жасөспірімге қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз, 8 701 375 92 91 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауыңызды өтінеміз", – делінген полиция хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993769-almaty-oblysynyn-policeileri-iz-tuzsiz-zogalyp-ketken-14-zasar-balany-izdeude/

pixel