Сәтбаевта тал түсте жігітті атып кетті: оқиғаға қатысты тағы бірнеше күдікті ұсталды

Опубликовано:

қолы кісендеулі адам
Абақты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сәтбаев қаласында оқ жарақатын алған 24 жастағы жігіттің оқиғасына қатысты тағы 5 күдікті ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz.

Еске сала кетейік, 18 қазанда 24 жастағы жігітті Сәтбаев қаласындағы сауда үйлерінің бірінің алдында атып кеткен болатын. Оқ жарақатын алған жігіт ауруханаға жеткізілді.

Бұл жайттан кейін, полиция күдікті ретінде екі адам ұсталғанын, оқиғаның қалған қатысушыларын ұстау бойынша кешенді шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.

Polisia.kz-тің мәліметінше, 18 қазандағы бұзақылық фактісінен кейін Ішкі істер минстрлігінде жедел-тергеу тобы құрылып, өңірге практикалық көмек көрсету үшін арнайы жіберілген.

ІІМ және облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Сәтбаевта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жергілікті профилактикалық жұмыстар жүргізген.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған қылмысты жасады деген күдікпен 5 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жанжалдың себептері анықталды, қылмыс құралы тәркіленді", - деп жазады медиа портал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993847-satpaevta-tal-tuste-zas-zigitti-atyp-ketti-oqigaga-qatysty-tagy-5-kudikti-ustaldy/