Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында шопан болып жұмысқа орналасқан шетелдік малдарды сатып жіберген

Опубликовано:

Мал
Көрнекі фото: piqsels.com

Түркістан облысы Ордабасы ауданында шопан болып жұмысқа орналасқан шетелдік азамат асыл тұқымды қошқарларды сатып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Өзбекстан Республикасынан келген азамат қойшы болып жұмысқа орналасып, кейін 5 бас қошқарды таныстарына сатып жіберген. Ақшаны ала салысымен қалған малды қараусыз қалдырып, өзі белгісіз бағытқа қашып кеткен.

Бұл жайында жәбірленушіге танысы хабарласып, қойлары қараусыз жүргенін жеткізген. Мал иесі полицияға арызданған соң, тәртіп сақшылары қойшыны іздестірген. Нәтижесінде күдікті Алматы қаласына қашпақ болған жерінен ұсталды.

"Күдікті аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, жауап алынды. Оның бір жылдан бері жәбірленушінің қойларын баққаны анықталды. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айғақты зат ретінде талан-таражға түскен малдар алынып, заңды иесіне қайтарылды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993857-turkistan-oblysynda-sopan-bolyp-zumysqa-ornalasqan-seteldik-maldardy-satyp-zibergen/

pixel